Қазақстанның ежелгі тарихына шолу
Ежелгі Қазақстан тарихы нені оқытады? Қазақстанның ежелгі тарихы тас ғасырынан бастап біздің дәуіріміздің В ғасыры аралығындағы тарихты оқытады. Оқулық осы кезеңдегі археологияны, қазақ жерін мекендеген елгі адамдардың өмірі мен тіршілігін, болған оқиғаларды баяндайды. Сондай-ақ адамдардың тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, мәдениетін, наным-сенимін, дүниетанымын оқып білетін боламыз. Эртеде өмір сүрген тайпалардың саяси өміримен, саяси бірлестіктерімен танисамыз. Қазақ жерін мекендеген тайпалардың өзге көрші тайпалармен қарым-қатынасы, мәдени байланыстары қамтылады. Бұл оқулықтан тарихтың кезеңдерін және ол кезеңдердегі археологиялық ескерткіштердің еліміздің тарихындағы орнын оқып білеміз.
Ежелгі дәуір кезеңдери. Ежелгі дәуір тарихын кезеңдерге бөлудің бірнеше түрі бар. Осылардың ішінде ең көп қолданылатыны-археологлық тәсілдер негізінде кезеңге бөлинуи. Археологияда адамзат тарихының дамуы олардың еңбек құралдарын жасаған негізгі материалының атауына байланысты кезеңге бөлінеді. Мәселен, құралдар тастан жасалған кезең-тас дәуірі, қоладан жасалған кезең-қола дәуірі, темірден жасалған кезең темір дәуірі деп аталады.
курс ұнады