• 7 сынып
  • Admin

7 сынып

Записаться
  • 3 отзывов

18 000 ₸

Кiрiспе

 

Құрметтi оқушылар! Сендер 6-сыныпта Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын оқыдыңдар. Түрiк қағанатынан бастап ХVII ғасырдың соңына дейiн елiмiз басынан кешiрген тарихпен таныстыңдар. ХV ғасырдың ортасынан қалыптасып, нығайып, орталықтандырыла бастаған Қазақ хандығы туралы тыңғылықты бiлiм алдыңдар.

Қолдарыңдағы 8(7)-сыныпқа арналған оқулықта ұлы Отанымыздың ХVIII–ХІХ ғасырлар аралығындағы тарихының маңызды оқиғалары қамтылған. Мәселен, ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында халқымызды аса ауыр зардаптарға душар еткен қазақ-жоңғар соғыстары туралы оқып бiлесiңдер. Ата-бабаларымыз қатыгез басқыншылардың шабуылынан туған жерiмiздiң әр сүйемiн қорғап қалуда ерен ерлiк пен теңдесi жоқ батырлықтың ғажайып үлгiсiн көрсеттi.

Сонымен қатар оқулықтан қазақ халқының өз тәуелсiздiгiн жоғалтудың қиын да қарама-қайшылықты үрдiсi туралы да бiлетiн боласыңдар. Ресей империясы Қазақстан аумағын өз қарамағына қосып алу жоспарын бiртiндеп жүзеге асыра бастады. Осы жағдайда аса көрнектi мемлекет қайраткерi, айбынды Абылай хан ел тәуелсiздiгiн мүмкiндiгiнше сақтап қалуға күш салды. Оған өз Отаны мен халқына адал берiлген сұлтандар, билер мен батырлар көмектестi. Патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қазақ халқының айтулы азаматтары: Сырым Датұлы, Жоламан Тiленшiұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемiсұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтiбарұлы, Кенесары Қасымұлы және басқалар қарсы шықты.

Осы оқулықтан сендер Қазақстан жерiне әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң қалай қоныстана бастағаны туралы да оқып бiлесiңдер. Басқарудың отарлық сипатта болғанына қарамастан, әртүрлi дiндер мен халық өкiлдерi арасында түсiнiстiк негiзi қаланды.

Оқулықтың бұл басылымында тақырыптар тарихи оқиғалардың ретімен берілді. Күрделі ұғымдар мен деректер жеңілдетілді.

Естерiңде болсын! Қазақстан тарихын терең оқып-үйрену өз Отаныңды құрметтеп, мақтан тұту сезiмiн қалыптастырады. Әрқайсың елiмiздiң тарихын жақсы бiлулерiң керек, сонда ғана дұрыс бағыт-бағдар алып, өз болашақтарыңды болжай аласыңдар.

Бұл – жаңартылған мазмұндағы оқулық. Оған мектептегi тарихшы ұстаздар мен ата-аналар тарапынан алуан түрлi құнды ескертпелер, маңызды ұсыныстар жасалуы әбден мүмкiн. Оның бәрi де ескерiлiп, келесi басылымдарда оқулықтың сапасын одан әрi жақсарта түсетiн болады.

Қымбатты оқушылар! Оқулықтың соңында берілген мазмұнымен мұқият танысып шығыңдар. Ол алты бөлiмнен тұрады. Әр бөлiмнiң өзi бiрнеше тақырыпқа бөлiнген. Оқулықтың мазмұны ондағы материалды жүйелi, рет-ретiмен қалай оқып-үйренуге болатынын көрсетедi.

Оқулықтағы жазбаша және әдеби дереккөздерден келтiрiлген үзiндiлер мен суреттер, карталар, кестелер сендерге Қазақстанның жаңа тарихының басты оқиғалары туралы кеңірек бiлулерiңе көмектеседi. Оқулықтағы суреттер сендердiң сонау алысқа, өткен замандар қойнауына терең бойлауларыңа, сол бiр қызықты да қайталанбас дәуiр «тамырының қалай соққанын» сезiнулерiңе мүмкiндiк береді.

Әр тақырыптың соңында сұрақтар мен тапсырмалар келтірілген. Ол сұрақтарға дұрыс жауап берiп, тапсырмаларды сапалы орындап, сол тақырыптың материалдарын мейлiнше мұқият оқып шығу керек. Сұрақтар мен тапсырмалар сендердiң жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерiңдi тексерiп көрулерiңе көмектеседi.

Тақырыптың мәтiнiн оқу кезiнде қара немесе курсив әрiптермен терiлген сөздердi кездестiресiңдер. Сендердiң ол сөздерге айрықша назар аударуларың керек. Қара әрiптермен терминдердiң мазмұнына, тарихи тұлғаларға берiлген түсiнiктердi әр тақырыптың соңынан таба аласыңдар. Сондай-ақ елеулi даталар да қара әрiптермен терiлген. Мұның өзi сендердiң оларды есте сақтауларың үшiн жасалған.

Әр тақырыпқа сабақтың мақсаты берілген. Онымен тақырыпты оқуға кірісерден бұрын міндетті түрде танысуға тиіссіңдер. Бұл өткен тақырыптарды пысықтау үшiн жасалған.

Әр тақырыптың соңында маңызды құжаттардан кезеңге қатысты үзiндiлер келтiрiлген. Сондықтан да оларды мiндеттi түрде оқып шығыңдар. Құжаттың әр үзiндiсiнен кейiн бiрқатар сұрақтар берiлген. Сұрақтарға жауап іздеу, белгілі бір оқиғалар жайлы өзара пікір алмасу жыл бойына алған білімдеріңді одан әрі жетілдіре түсері сөзсіз. Мұның бәрi де сол тақырыпты неғұрлым тыңғылықты меңгерулерiң үшiн жасалып отыр.

Оқулықтың соңында қайталаулар мен есте сақтау үшiн қажеттi материалдар бар. Сендердiң өткен тақырыптарды тағы бiр рет пысықтап шығып, ХVIII– ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихының негiзгi даталарын, аса маңызды деректер мен оқиғаларды қайтадан еске түсiрулерiң қажет.

Оқулық материалдарын сапалы меңгеруге «Хрестоматия» да көп көмектесе алады.

Бiз сендердiң жаңа тарихи бiлiммен сусындап, білімдеріңнің кеңейе түсуіне, табысқа жете берулерiңе тiлек бiлдiремiз!

Admin

Автор курса

Программа курса

1

7-1/2

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
1.1

§1–2. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының басталуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
2

7-3/4

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
2.1

§3–4. Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
3

7-5/6

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
3.1

§5–6. Қазақ-жоңғар шайқастары

  • 300 мин.
  • 0 файл
4

7-7/8

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
4.1

§7–8. XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынасы

  • 300 мин.
  • 0 файл
5

7-9/10

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
5.1

§9–10. Ресей империясының қазақ хандығын қосып ала бастауы

  • 300 мин.
  • 0 файл
6

7-11/12

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
6.1

§11–12. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

  • 300 мин.
  • 0 файл
7

7-13/14

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
7.1

§13–14 ХVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті

  • 300 мин.
  • 0 файл
8

7-15/16

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
8.1

§15–16. ХVІІІ ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

  • 300 мин.
  • 0 файл
9

7-17/18

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
9.1

§17–18. Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы

  • 300 мин.
  • 0 файл
10

7-19/20

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
10.1

§19–20. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783–1797)

  • 300 мин.
  • 0 файл
11

7-21/22

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
11.1

§21–22. 1822–1824 жылдардағы патша реформалары

  • 300 мин.
  • 0 файл
12

7-23/24

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
12.1

§23–24. Бөкей Ордасы қазақтарының 1836–1838 жылдардағы көтерілісі

  • 300 мин.
  • 0 файл
13

7-25/26

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
13.1

§25–26. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847)

  • 300 мин.
  • 0 файл
14

7-27/28

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
14.1

§27–28. Қазақтардың ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынасы

  • 300 мин.
  • 0 файл
15

7-29/30

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
15.1

§29–30. Ресей империясыңың Қазақстанды қосып алуының аяқталуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
16

7-31/32

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
16.1

§31–32. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

  • 300 мин.
  • 0 файл
17

7-33/34

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
17.1

§33–34. Қазақтардың 1860–1870 жылдардағы азаттық күресі

  • 300 мин.
  • 0 файл
18

7-35/36

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
18.1

§35–36. Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясаты

  • 300 мин.
  • 0 файл
19

7-37/38

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
19.1

§37–38. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
20

7-39/40

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
20.1

§39–40. Жәрмеңке саудасының дамуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
21

7-41/42

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
21.1

§41–42. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы

  • 300 мин.
  • 0 файл
22

7-43/44

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
22.1

§43–44. ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы

  • 300 мин.
  • 0 файл
23

7-45/46

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
23.1

§45-46. ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі

  • 300 мин.
  • 0 файл
24

7-51/52

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
24.1

§51–52. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл

  • 300 мин.
  • 0 файл
25

7-47/48

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
25.1

§47–48. Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы

  • 300 мин.
  • 0 файл
26

7-49/50

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
26.1

§49–50. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері

  • 300 мин.
  • 0 файл
27

7-53/54

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
27.1

§53–54. Қазақ халқының ауызша тарихи дәстүрі (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы)

  • 300 мин.
  • 0 файл
28

7-Глоссарий

  • 1 урока
  • 1 тестов
  • 0 задании
28.1

Маңызды оқиғалардың хронлогиялық көрсеткіші

  • 300 мин.
  • 0 файл

Отзывы о курсе

  • 7 отзывов

  • 2 отзывов

Алданқызы Айару

  • 1 отзывов