ДТ 6 кл

1.1 §1. «ОРТА ҒАСЫРЛАР» ТҮСІНІГІ

-- / --
Скачать аудио

Б і р і н ш і  т а р а у. РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ

§1. «ОРТА ҒАСЫРЛАР» ТҮСІНІГІ

Бүгінгі сабағымызда «орта ғасырлар» түсінігін анықтаймыз. Оның кандай кезеңдерден тұратынын білеміз және орта ғасырлар тарихына арналған деректермен танысамыз.

Негізгі ұғымдар:

ерте орта ғасырлар. дамыған орта ғасырлар кейінгі орта ғасырлар. деректер

 

«Орта ғасырлар» дегенде көз алдымызға сауыт-сайман киген рыцарьлар мен тас қамалдар. отқа өртелген ғалымдар. крест ұстаған діндарлардың бейнесі келеді.

«Орта ғасырлар» деген сөз тіркесі кайдан шықты? Оның төл атауы латынша медиум-орта, аевум-ғасыр. Бұл тіркес алғаш рет Италияда ХV-ХVІ ғасырларда колданылған.

Гуманист-тарихшылар бұл атауды Батыс Еуропа тарихының антикалық дәуірінен Қайта өрлеу (Реннесанс) кезеңіне дейінгі аралықты сипаттау үшін пайдаланған.

Орта ғасырлар тарихының кезеңдері. Орта ғасырлар тарихы үш кезеңнен тұрады. Біріншісі - ерте орта ғасырлар. Бұл кезеңде феодалдық өндіріс тәсілі қалыптасты. Екіншісі - дамыған орта ғасырлар. Үшіншісі - кейінгі орта ғасырлар феодализмнің ыдырауымен және капиталистік өндіріс тәсілінің туа бастауымен сипатталады.

 

Ерте орта ғасырлар

Дамыған орта ғасырлар

Кейінгі орта ғасырлар

V-XI ғасырлар

XI ғ. аяғы - XVI ғасырдың басы

XVI-XVII ғасырдың ортасы

 

Ерте орта ғасырларда ірі жер иелері пайда болды. Феодалдар шаруа қауымдарын өздеріне бағындырды. Оларға жер берді, ол үшін үлкен көлемде салықтар алды. Малын бақтырып, егінін салғызды. Ал дамыған орта ғасырларда шаруалар феодалдарға толық тәуелділікке түсті. Олар жерді феодалдардан жалға алып, өнім өндірді. Феодалдарға өнім түрінде салық төледі. Оның көлемі барған сайын өсе түсті.

Феодальдардың өздері де бір-біріне сатылы бағыныштылықта болды (король, ірі феодалдар, дінбасылары, рыцарьлар т.б.).

Ақша-тауар қатынасы күшейді, қалалар өсіп, әлеуметтік жағдай шиеленісе түсті.

Осыдан келіп феодолдық қоғамның сипаты өзгере бастады. Наразылықтар, шаруалар мен қала тұрғындарының көтерілісі жиіледі. Кейінгі орта ғасырларда феодализмнің кайшылықтары күшейе түсті. Наразылықты басу үшін күшті мемлекет, күшті билік керек болды. Осыдан келіп бұрьінғы бытыраңқы мемлекеттерді бір орталықтан баскарылатын мемлекеттерге айиалдыру жолындағы әрекеттер күшейді. Орталықтанған мемлекеттерде көтеріліс пен наразылықты болдырмай, феодалдарға өз байлығының «қызығын көруіне» мүмкіндік беретін күшті үкімет феодалдық абсолюттік (жеке-дара баскару, жеке билік) үкімет билік жүргізді.

Ортағасырлық мемлекеттер әсіресе орта ғасырларда құрылған ірі мемлекеттік бірлестіктер мықты болмады. Мысалы, Ұлы Карл империясының аумағы өте үлкен болды, алайда оның ішкі зкономикалық байланыстары мығым емес еді. Себебі империяға біріктірілген көптеген халықтар бір-бірін түсінбеді. Олар шаруашылықтары мен әдет-ғұрыптары жағынан бір-бірінен тым алшақ еді. Сондықтан бұл мемлекет ұзақ өмір сүре алмады, ақырында бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінін кетті.

Бір орталықтану ортағасырлық мемлекеттер үшін дұрыс қадам болды. Бұл біріншіден, феодалдық өзара қырқысу соғыстарына тежеу салды. Екіншіден, басқа мемлекеттердің ел ішіндегі алауыздықты пайданып, күйзелген елді жаулап алу әрекетіне тоқтау салды. Үшіншіден, ауылшаруашылығы өнімдерін мол өндіруге жол ашылды. Төртіншіден, қалалар өсті, қолөнер, сауда дамыды.

Орта ғасырлар тарихының деректері. Біз орта ғасырлардағы оқиғаларды деректер арқылы білеміз.

Еуропаның ерте орта ғасырлар кезеңінің оқиғаларына арналған «Нибелунгтар туралы жыр», «Ролланд туралы жыр» т.б. шығармалар. «Ннбелунгтар туралы жырда» халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуіріндегі оқиғалар баяндалған. Жырдың негізіне V ғасырдағы франктер мен бургундықтардың (нибелунгтар) ғұндармен қарым-қатынасы және өзара соғыстары арқау болған.

«Ролланд туралы жырда» франк королі Ұлы Карлдің және оның қолбасшысы Ролландтың Испанияға жорығы баяндалған. Бұл жорықта ержүрек Ролланд ерлікпен қаза тапқан. XII ғасырда жазылған жырда халықтың патриоттық сезімі бейнеленген.

V -ХІ ғасырлардағы жазба деректерге II Юстинианның «Азаматтық құқықтар жинағы» кіреді. V-ІХ ғасырлар аралығында Рим империясының аумағында орналасқан герман, кельт тайпаларының әдет-ғұрып заңдары жазылды. Олар: Бургунд, Вестгот, Салийлық, Саксондық ақиқаттар.

Шаруашылық саласына байланысты деректерге жер тізімі мен кадастры (халық санағы мен салық төлемдері) жатады. Бұл топтағы аса маңызды дерек - ағылшын корольдігіндегі халық санағына арналған «Қаһарлы сот кітабы».

Қоғамдық-саяси жазбалар (хартиялар) да маңызды дереккөз саналады. Мәселен, Франция королі VI Людовигтің Лорис қаласына берген хартиясы, византиялық «Эпарх кітабы» мен XIII ғасырдағы «Париж қаласының қолөнер кітабы». Монархиялық биліктің қалыптасу кезеңінде деректердің жаңа түрі парламенттік хаттамалар мен статуттар (ережелер) қалыптасты. Бұлардың қатарына қатарына Франция Бас штаттарының хаттамалары, Кастилия т.б. кортестерінің шешімдері кіреді.

Шығыс елдерінін деректеріне: ерте орта ғасырлардағы Қытай жылнамалары, араб географтары меи саяхатшыларының еңбектері, жер бөлу жөніндегі құжаттар, құқықтық заңдар, «Монголдардың құпия шежіресі», Яса» («Жасақ») т.б. кіреді.

Ойталқы

Тарихи деректерсіз өткен кезең туралы толық мәліметтер алу мүмкін бе?

 

1. «Орта ғасырлар» термині қашан пайда болды?

2. Тарихтың орта ғасырлар кезеңінде адамзат дамуының қандай сатысына тоқталамыз?

3. Орта ғасырлар деректерінің ежелгі антикалық деректерден ерекшелігі неде болды? Салыстырып көрсетіңдер.

4. Орта ғасырлар тарихы кезеңдерінің деректері қандай құжаттардан құралды?

Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін кестеге түсіріңдер.

 

Ерте орта ғасырлар

Дамыған орта ғасырлар

Кейінгі орта ғасырлар