6 сынып

1.1 §1.Түрік қағанаты

1.1 §1.Түрік қағанаты

1.2 §5. Оғыз мемлекеті

1.3 §4. Қарлұқ қағанаты (756-940 жылдар)

1.4 §2. Батыс Түрік (603-704 жылдары) және Шығыс Түрік (682-744 жылдары) қағанаттары

1.5 §3. Түргеш қағанаты (704-756 жылдар)

1.6 §6. Қимақ қағанаты (ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы)

1.7 §7. VI-IX ғасырлардағы түркілердің шаруашылығы

1.8 §8. Қала мәдениетінің қалыптасуы (VІ-ІХ ғасырлар)

1.9 §9. Көне түркі дәуіріндегі жазу

1.10 §11. Қарахан мемлекеті (942-1212 жылдар)

1.11 §10. Көне түркілердің діни наным-сенімдері

1.12 §12. Қарақытай мемлекеті

1.13 §13. Наймандар, керейіттер, жалайырлар (ХІІ-ХІІІ ғасырдың басы)

1.14 §14. Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырдың басы)

1.15 §15. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

1.16 §16. Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

1.17 §17. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

1.18 §18-19. Қалалардың дамуы. Сәулет өнері (ХІ-ХІІІ ғасырдың басы)

1.19 §20-21. Сауда мен егіншілік. Материалдық мәдениет

1.20 §22. Рухани мәдениет. Исламның таралуы

1.21 §23-24. ІХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым және әдебиет

1.22 §25. Мәдени қарым-қатынастың дамуы

1.23 §26-27. Қазақстан аумағын моңғолдардың жаулап алуы

1.24 §28-29. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан

1.25 §30. Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси бөлектенуі. Ақ Орда

1.26 §31. Моғолстан (XIVғасырдың ортасы-XVІ ғасырдың басы)

1.27 §32. Әмір Темір және ұрпақтарының мемлекеті

1.28 §33. Әбілқайыр хандығы (1428-1468 жылдар)

1.29 §34. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы

1.30 §35. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық және саяси құрылымы

1.31 §36. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің экономикасы

1.32 §37. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысында рухани мәдениеттің дамуы

1.33 §38-39. Қазақ халқының этногенезі

1.34 §40-41. Қазақ хандығы құрылуы

1.35 §42. ХV ғасырдың соңы- ХVІ ғасырдың басында қазақ жерінің біріктірілуі

1.36 §43. Қасым ханның (1511-1518 жылдар) ішкі және сыртқы саясаты

1.37 §44. Хақназар хан (1538-1580 жылдар) тұсындағы қазақ хандығы

1.38 §45. Тәуекел хан (1583-1598 жылдар) билігі. XVI ғасырдың соңындағы Қазақ хандығы

1.39 §46. XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы Есім хан (1598-1628 жылдар)

1.40 §47. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес Жәңгір хан (1629-1652 жылдар)

1.41 §48-49. Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) тұсындағы Қазақ хандығы

1.42 §50. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

1.43 §51-52. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси және құқықтық құрылымы

1.44 §53. ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы

1.45 §54. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қалалар мен ауылдар

1.46 §55. ХV-ХVІІ ғасырлардағы рухани мәдениет

1.47 §56. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүрлері

1.48 §57. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарихи әдебиет

1.49 Қазақстан тарихы бойынша терминдер сөздігі

-- / --
Скачать аудио

§1. Түрік қағанаты (552-603 жылдар)

            Түрік қағанатының құрылуы. Қытай деректері бойынша түркілер алғашқы кезде Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Батыс Қытай билеушісі жақын қоныстанған түркілер жайлы дерек жинай бастайды. Бұл деректер түрік тарихының ерте кезеңі туралы негізгі білім көзіне айналды. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген.
 

            «Түрік» сөзі «берік, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды.

Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды.

            Жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қалың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет-Түрік қағанаты осылай пайда болды.

            Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке келген Мұқан қаған (553-572 жылдар) жужандарды талқандауды аяқтайды.

            Түрік қағанатының нығаюы. Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Иштеми (Істеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орталық Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты.

            Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».
VI ғасырдың 60-жылдары Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер-Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.

            Түркілердің батысқа жылжуы тек жаулап алушылық қана емес, түркі тайпаларының ірі көші-қонына ұласты. Жергілікті тайпалар түркілерден құралған мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай жылжыды.

            VI ғасырдың 80-жылдарының соңында түркілер Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерін кері алып кеткені үшін Парсы жағы оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттенді.
 

            Түркілер Орталық Азияны жаулап алып, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды. Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жібек матасын сатып алушы негізінен Византия еді.

            568 жылы түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың елшілігін басқарып барды. Император сарайы түркі елшілігін аса жоғары құрметпен қабылдады. Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды. Кері қайтқанда Маниахпен бірге Византия елшісі Земарх қаған ордасына келді.

            Дереккөздерде Византия елшілігінің түркілерге бірнеше рет барғаны жайында айтылады. Византиямен тұрақты сауда және дипломатиялық байланыстар орнағандығын VI ғасырдағы византиялық теңгелер растайды.

            Мемлекеттің ыдырауы. VI ғасырдың 60-90-жылдарында Түрік қағанаты іштей қуатты және көршілер үшін қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерінің кіріс көзі деп білді. Қытайлар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы күрес олардың басты міндетіне айналды.

            VI ғасырдың соңы-VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанымен қуатты мемлекет болып қала берді.

            Әкімшілік және әлеуметтік құрылымы. Түрік қағанаты Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді.

            Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты. Қытайдан Византияға апарылатын жібектің бір бөлігі қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тәртіп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды.

            Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық билікті басқаратын жүйе-ябғу, шад т.б. құрылды.

            Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тәжірибелі адамдардың қолында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердің байырғы қонысы-Алтайда орналасты.

            Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун (мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. «Бектер» ақсүйектер билік тобын құрады.

            Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушілер «ашина» терминін әрқилы саралайды, біреулері бұл сөзді «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.

            Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бұдундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған.

            Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Соғыста ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе
ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тіпті ең кедей ердің өзі бектің алдында еркіндігін сақтап қалды. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды.

 

            Жужан мемлекеті V ғасырда Монғолия мен Батыс Маньчжурия аумағында көшпелі тайпалар одағынан құрылған. Түркілер талқандаған жужандардың бір бөлігі Корея мен Солтүстік Қытайға, басқалары-батысқа қоныс аударды.

            Ұлттық сана-сезім-халықтың өзіндік ерекшеліктері мен әлемдегі өз орнын ұғынуы, мәдени-тіл
ортақтығы.

            VІ ғасырдағы түркілердің Қытай және басқа мемлекеттерден басымдығы:

1. Саяси бірлік 2. Жетілдірілген қару-жарақ 3. Көшпелі ұйым, жылдам қимылдау 4. Қарсыластардың әлсіздігі және бытыраңқылығы

 

            Жаулап алғанға дейін бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.